Жаңалықтар

«Алтын дәннің» жеңісі

Беларусь елінің Минск қаласында өткен «Белорусские узоры» таланттарды анықтау байқауында ақтөбелік «Алтын дән» би ұжымы жүлделі оралды.

Өнер додасына  7-9 және 10-13 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. Бұл байқауда Мәскеу, Новосибирск, Минск, Омбы, Балашиха, Воронеж қалаларынан келген би ұжымдары өнер көрсетті.

Зинегүл Құрманованың жетекшілігімен құрылған «Алтын дән» хореографиялық ансамблі «Хореографиялық шығармашылық. Ұлттық би» аталымы бойынша кіші жас санатында екінші орынды иеленсе, дәл осы номинацияда 10-13 жас аралығындағы жерлестеріміз бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Қашанда бәйгелерден бос қайтпайтын бұл ұжым осы жылды бұдан да басқа жетістіктерімен қорытындылап келеді.

Арайлым ҒАНИ,

Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button